Пресс-центр

"Бір түп алма ағашы"

Ә.Оразбеков Бір түп алма ағашы (мелодрама) Көп балалы отбасы. Балалы үй - базар, әрқайсының өз арманы бар еді. Жылдар өткенде армандары құр сағымға айналды. Бойларынан мейірім азайды. Көңілдері қасаң тартты. Тіпті көптен көрмей кеткен аналарының туған күніне жиналып отырып та, тіршіліктің кәкүр-шүкірі айналасында итше таласып, бет жыртыса береді. Неге бұлай? Осындай көп сұрақтар туғызатын қойылым кім –кімді де ойландырмай қоймайды. Өйткені мұндағы отбасылық жағдай бүгінгі кез-келген қазақ шаңырағында кездесетіндіктен көрермен көңіліне дөп тиіп жатады.
Подробнее Просмотры: 122 Категория: Афиша Дата: 22.06.2018

«Космос құтқарушылары»

Шытырман оқиғаға толы бұл қойылым Серкес планетасын құтқарушы Әділ мен робот Темидің бастан өткізген қызықты оқиғасы жайында. Әділ мен Теми серкестіктермен достасып, планеталарына қауіп төндірген Қарапәле-ДәуХараханы жеңіп, Тазша баланы құтқарады. Сондай-ақ серкестіктерге Жер планетасы туралы көп танымдық ақпарат беріп, тұңғыш ғарышкерлерімізбен таныстырады. Міне, осындай шытырман оқиғамен өрілген ертегі кішкентай көрермендерімізге жақсы мен жаманды айыруға көмектесіп, батылдыққа баулиды.
Подробнее Просмотры: 375 Категория: Афиша Дата: 25.12.2017

«РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА»

Әлемге әйгілі ағылшын драматургі У.Шекспирдің бұл трагедиясында өзара дұшпан екі әулетте дүниеге келіп, ер жетіп, бой жеткен және кездейсоқ бір-біріне ұшырасып ғашық болған Ромео мен Джульеттаның қайғылы тағдыры суреттеліп, Капулетти мен Монтекки әулеттерінің екі жастың махаббатына тұсау болғаны айыпталады.Уыздай екі жастың бір-біріне деген пәк сезімдерінің нәтижесінде туындаған үйленбек талпыныстары қайғы-қасіретпен аяқталады. Автор адам бойындағы пендешілік пен менменшілдік қасиеттердің адам тағдырына әкелер зардабы мен қасіреті мол екендігін алға тартады. Драматург пен режиссердің көркем қиялының жемісін театрдың талантты актерлерінің ойыны арқылы тамашалап, арманшыл әрі бақытты ғашықтардың тыныштығын бұзған қайғылы тағдырдың мұңы мен қасіретіне, мәңгі махаббаттың адалдығына куә боласыздар.
Подробнее Просмотры: 638 Категория: Афиша Дата: 24.11.2017

"КҮЙЕУІҢІЗДІ САТЫҢЫЗШЫ"

Бүгінгі таңдағы жағдайлы азамат курортта сайрандап жүріп, бойжеткен қызбен танысып, араларында жақындық орнайды. Қалталы сері аз күндік қызық өтті де кетті деп ойлайды. Бірақ оқиға мүлде басқаша өрбиді. Жігітті шын ұнатып қалған бойжеткен оны үйіне іздеп келеді. Үйіне іздеп келіп, оның әйеліне «сен шау тартыпсың, қызығың кетіпті, мен жаспын, сондықтан күйеуіңді маған сат» деген мәселе қояды. Сүйтіп күлкінің аяғы жігіт басындағы үлкен тауқыметке айналады. «Ойнақтаған бұзау от басардың» кебін киеді.Қойылымда адамның қай іс-әрекеті болмасын ізсіз кетпейтіні, кейде опық жегізетіні, сонымен бірге, махаббатты да саудалайтын заман келгені қызықты оқиғалармен әдемі өрілген.
Подробнее Просмотры: 364 Категория: Афиша Дата: 17.11.2017

"ЕҢ ЖАҚСЫ ЕРКЕК"

Спектакль көпшілік көрерменге арналған. Жеңіл әрі ойнақы. Шығарма шынайы өмірде кездесетін кейбір келеңсіз жағдайлардан аулақ болуға, отбасылық татулықты жоғалтып алмауға, жас қыздарымыздың өмірде көрсе қызарлықпен шалыс баспауына арналған. Ерлі-зайыптылар арасындағы сенімді қазіргі кезде саңырауқұлақтай қаптап кеткен қолдан жасалған «қоғамдарда», «сиқыр мен гипнозда» нығайтпақ емес. Сондықтан құдай қосқан қосағымыздың қадіріне жете білейік. Қойылым қоғамымыздағы басты қағида – адамгершілік пен сыйластықты жоғары бағалап, жастарымыз оны жеңіл әрі алдамшы сезімге шатастырмай шынайы махаббатын кездестіріп өмірде өз орнын табуға жәрдемдеседі деп сенеміз.
Подробнее Просмотры: 349 Категория: Афиша Дата: 10.11.2017