Пресс-центр

«РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА»

Категория: Афиша
Дата: 24.11.2017
Просмотры: 638 Печать страницы
«РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА»

Әлемге әйгілі ағылшын драматургі У.Шекспирдің бұл трагедиясында өзара дұшпан екі әулетте дүниеге келіп, ер жетіп, бой жеткен және кездейсоқ бір-біріне ұшырасып ғашық болған Ромео мен Джульеттаның қайғылы тағдыры суреттеліп, Капулетти мен Монтекки әулеттерінің екі жастың махаббатына тұсау болғаны айыпталады. Уыздай екі жастың бір-біріне деген пәк сезімдерінің нәтижесінде туындаған үйленбек талпыныстары қайғы-қасіретпен аяқталады. Автор адам бойындағы пендешілік пен менменшілдік қасиеттердің адам тағдырына әкелер зардабы мен қасіреті мол екендігін алға тартады. Драматург пен режиссердің көркем қиялының жемісін театрдың талантты актерлерінің ойыны арқылы тамашалап, арманшыл әрі бақытты ғашықтардың тыныштығын бұзған қайғылы тағдырдың мұңы мен қасіретіне, мәңгі махаббаттың адалдығына куә боласыздар.