Пресс-центр

ҚИМАЙ ҚОШТАСТЫ

Жетісу жеріне арнайы шығармашылық сапармен келіп, театрымыздың төрінде өнерімен қазақстандық бауырларына рухани қазына сыйлап, ертегілерімен бүлдіршіндердің көңлін қуанышқа бөлегенТатарстан Республикасы Буа мемлекеттік драма театрының ұжымы күні кеше соңғы спектаклін қойып, көрерменмен қимай қоштасты. Ойын соңында Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасы мәдениет, өнер шараларын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Төлеужан Нүсіпжанұлы Ғұмаров сөз сөйлеп ,алдағы уақытта да Татарстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы шығармашылық-мәдени қатынас нығая түсетініне сенім білдірді. Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры Ғалия Әмірқамзақызы Темербаева да ризашылығын білдіріп, қонақтарға сый-сыяпат көрсетті. Өз кезегінде Буа театрының директоры, Татарстанның халық артисі Раиль Садриев те қазақ қандастарына алғыс айтып, ізгілік танытты.
Подробнее Просмотры: 13 Категория: Новости Дата: 10.10.2018

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАДЫ

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымы Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты кезекті Жолдауын талқылады. Театрдың директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Ғалия Әмірқамзақызы Темербаева Жолдаудың мәні мен маңызын ашып, өз пікірін төмендегідей білдірді: Биылғы Жолдауында да Елбасы ең маңызды мәселе, мемлекеттің басты байлығы – адам факторына терең мән берді. Атап айтатын болсақ, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда әлемді экономикалық дағдарыс қауіпі торлап отырған қатерлі кезеңде бұл үлкен көрсеткіш. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын «7-20-25» бағдарламасы бойынша педогогтар, медицина қызметкерлері, полицейлер және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспанамен қамтамасыз етілуі қажет. Мен Жолдаудағы медициналық қызмет сапасын жақсарту мәселесі көтерілгеніне қуандым. Әсіресе, участкел...
Подробнее Просмотры: 10 Категория: Новости Дата: 08.10.2018

В гостях Академический театр Астаны

В рамках 20-летия столицы Республики Казахстан - города Астаны, проходят массовые культурные мероприятия по всей стране. В частности, любители искусства отправляются в гастроли по стране и показывают бесплатные благотворительные выступления. Например, с 18 по 19 сентября 2018 года Государственный академический русский драматический театр им.М.Горького выступил со спектаклями в Талдыкорганском драматическом театре им.Бикен Римовой. Из репертуаре столичного театра гости привезли эпическую драму А.Жандарбекова «Томирис - царица сакская» к 550-летию Казахского ханства, комедия «Придадонна» Л.Лидвига и лирическая сказка «Снежная Королева». Зритель был очень доволен. В свою очередь, сотрудники Талдыкорганского театра и первый заместитель председателя Алматинского областного филиала партии «Нур Отан» Галиаскар Сарыбаев приветствовали гостей с теплым гостеприимством.
Подробнее Просмотры: 43 Категория: Новости Дата: 20.09.2018

Сенбіліктегі серпіліс

СЕНБІЛІКТЕГІ СЕРПІЛІС Алтын күз келіп, сарғайған жапырақтар жердің бетін жауып жатыр. Күннің нұрлы шуағы көңліңді шаттыққа бөлейді. Түйнектей жемістің өзіне дәм беретін мизам самалы желпи есііп көмейге тіл, кеудеге жан бітіреді. Табиғаттың осы қимас мезгілінде бүгін Талдықорғанда жаппай қалалық Сенбілік өтті. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымы да бұл шараға бір кісідей жұмыла кірісті. Көше бойларын, аула алаңдарын шөп-шалаң, күл-қоқыстардан тазартып алды. Гүлдің иісі жұпар аңқыған, сағыныштың сазы тербеп көңіл шалқыған қош келіпсің, Алтын күз!
Подробнее Просмотры: 36 Категория: Новости Дата: 15.09.2018

Шеберліктерін шыңдады

Бикен Римоваатындағы талдықорған драма театрында 2018 жылғы 7 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, драматург Болат Ұзақов Алматы облысындағы Халық театрларының қатысуымен шеберлік класын өткізді. Нақтылай айтқанда бұл шара Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп, оған Үшарал Халықтық театрының (Алакөл ауданы), Ақсу Халықтық театрының (Ақсу ауданы),«Сарытауқұм» Халық театрының (Іле ауданы), Д.Рақышев атындағы Халық театрының (Панфилов ауданы), Райымбек Халық театрының (Райымбек ауданы), Мұқыры ауылдық мәдениет үйі театрының (Көксу ауданы) ұжымдары жұмыла қатысты. «Ел іші өнер кеніші» дегендей аймақ өнерпаздары дарынды актер, талантты режиссер, сахна шебері Болат Қасымжанұлының шеберлік сағатында Мұрат Қолғанаттың «Орбұлақ» тарихи драмасының сахналау процесін танысып, өзіндік ой түйді десек болады. Сондай-ақ, драматургия, актерлік және режиссерлік шеберлік тұрғысы...
Подробнее Просмотры: 44 Категория: Новости Дата: 07.09.2018