Пресс-центр

Сенбіліктегі серпіліс

Категория: Новости
Дата: 15.09.2018
Просмотры: 36 Печать страницы
Сенбіліктегі серпіліс

                                   СЕНБІЛІКТЕГІ СЕРПІЛІС

Алтын күз келіп, сарғайған  жапырақтар жердің бетін жауып жатыр. Күннің нұрлы шуағы көңліңді шаттыққа бөлейді. Түйнектей жемістің өзіне дәм беретін мизам самалы желпи есііп көмейге тіл, кеудеге жан бітіреді. Табиғаттың осы қимас мезгілінде бүгін Талдықорғанда  жаппай қалалық Сенбілік өтті. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымы да бұл шараға бір кісідей жұмыла  кірісті. Көше бойларын, аула алаңдарын шөп-шалаң, күл-қоқыстардан тазартып алды. Гүлдің иісі жұпар аңқыған, сағыныштың сазы тербеп көңіл шалқыған қош келіпсің, Алтын күз!