Пресс-центр

ҚИМАЙ ҚОШТАСТЫ

Категория: Новости
Дата: 10.10.2018
Просмотры: 12 Печать страницы
ҚИМАЙ ҚОШТАСТЫ

    Жетісу жеріне арнайы шығармашылық сапармен келіп, театрымыздың төрінде  өнерімен қазақстандық бауырларына рухани қазына сыйлап, ертегілерімен бүлдіршіндердің көңлін қуанышқа бөлеген Татарстан Республикасы Буа мемлекеттік драма театрының  ұжымы күні кеше соңғы спектаклін қойып, көрерменмен қимай қоштасты. Ойын соңында Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасы мәдениет, өнер шараларын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Төлеужан Нүсіпжанұлы Ғұмаров сөз сөйлеп ,алдағы уақытта да Татарстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы  шығармашылық-мәдени  қатынас  нығая түсетініне  сенім білдірді.  Б.Римова атындағы Талдықорған  драма театрының директоры  Ғалия Әмірқамзақызы Темербаева  да  ризашылығын білдіріп,  қонақтарға сый-сыяпат көрсетті. Өз кезегінде Буа театрының  директоры, Татарстанның халық артисі Раиль Садриев те қазақ қандастарына алғыс айтып, ізгілік танытты.