Пресс-центр

Жаңа форматтағы ертегі

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру негізінде респбликамыз бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Мемлекет жаңа буынның алдына барлық есіктер мен жолдарды ашты. Сондықтан жастарымыздың тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылып, өмір сүріп отырған заманға лайықтанып, көңілдегі көксеген мұраттарға қол жеткізу үшін оларға даңғыл жолды көрсету сіз бен біздің міндетіміз екені анық. Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымы да бұл ретте жас ұрпақты рухани тәрбилеу жолында өз үлестерін қосуда. Оның дәлелі жақында тұсауы кесілген Е.Әбдірештің «Космос құтқарушылары» атты фантастикалық ертегісі. Аталмыш ертегі қазақ театр өнеріндегі жаңашыл бағынттағы алғашқы қойылым. Себебі ғарыш, ғаламшарлар тақырыбында бұрын-соңды мұндай ертегі не болмаса спектакль сахналанған емес. Шытырман оқиғаға толы бұл қойылым Серкес планетасын құтқарушы Әділ мен робот Темидің бастан өткіз...
Подробнее Просмотры: 250 Категория: СМИ о Нас Дата: 21.12.2017

ЛИДЕР АЛАШ ОРДЫ – АЛИХАН

Открытие сезона Есть люди, имена которых с годами не забываются. Яркое тому подтверждение – Алихан Бокейханов. К его 150-летию и 100-летию Правительства Алаш Орды в Талдыкорганском областном драматическом театре имени Бикен Римовой прошел премьерный показ пьесы «Алаштыңханы – Әлихан», открывающей очередной театральный сезон. Как отметил в своей вступительной речи заместитель акима области Жаксылык Омар, Алихан Бокейханов – выдающаяся личность своего времени, которого мы должны помнить. Всю свою сознательную жизнь он посвятил борьбе за свободу и политическую самостоятельность казахского народа. Жизнь Алихана Бокейханова отразил в своем спектакле режиссер-постановщик, народный артист Казахстана Ерсайын Толеубай. Благодаря безупречной игре талантливых актеров, с легкостью донесших все свои эмоции и чувства до каждого зрителя, в пьесе были воссозданы исторические события конца 19 – начала 20 веков, когда казахская интеллигенция во главе со сво...
Подробнее Просмотры: 285 Категория: СМИ о Нас Дата: 06.11.2017

АЛАШТЫҢ ӘЛИХАНЫ ОРАЛҒАН КҮН

Б. Римова атындағы Алматы облыстық драма театры 43-маусымның шымылдығын жаңа қойылыммен ашты. Жетісулықтар ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы мен Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай сахналанған “Алаштың Әлиханы” атты тарихи драмасына куә болды. Премьераға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бұл күн театрсүйер қауым үшін айрықша екендігін атап өтті. Сондай-ақ, жаңа маусымды жаңа қойылыммен бастаған труппаны құттықтап, сәттілік тіледі. Айта кетейік, қойылымның режиссері Қазақстанның халық әртісі, драматург, режиссер Ерсайын Төлеубай. Ал, Әлиханның бейнесін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбайұлы сомдады. Аталмыш туынды қазақ халқының қайғы-қасіретіне бей-жай қарамай, ұлт бостандығы жолында аянбай еңбек еткен Әлихан Бөкейхан жайында. Спектакль Әлиханның қызы Лиза мен Смағұл Сәдуақасовтың шаңырақ көтеруімен басталады. Осы сәтте Кеңес үкіметінің халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Ленин мен ұлттар комиссариятының комиссары Сталиннің А...
Подробнее Просмотры: 290 Категория: СМИ о Нас Дата: 06.11.2017

АТЫРАУДАҒЫ МЕРЕЙЛІ ФЕСТИВАЛЬ

«Толған ел - тарихын таспен жазады, тозған ел - жаспен жазады» - дегендей қазақ халқы - алып бәйтеректей тамырын тереңге тартып, ғасырлар бойы қасиетті даласынан табан аудармай, өсіп-өркендеп келе жатқан жасампаз халық. Біз тұлпардың тұяғымен дүниені сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, ата жұртты сақтап қалған ұлылардың, Мәңгілік елдің ұрпағымыз. Барша қазақ даласы сынды Атырау алқабы да сайраған көне шежіренің куәсі, ал қарт Каспий болса, тек Ақ Жайықтың суына ғана емес, ата-баба тарихымен де толы. Бұл жерден қалың қазағына жанға жайлы қоныс іздеп, желмаясымен арман қуып Асан қайғы өткен. Жүрген жолын қырып-жойып, құмырсқадай қаптаған қалың қолмен өрт жайлатып Бату хан, бостандық қылышын көтеріп, қылыштан өткір ойлы сөзін төккен Сырым, отаршылдық ордасын халық қамы үшін қиратсам деп, беліне садақ байлаған, аз қолмен мыңдаған жауына қарсы шапқан Исатай, елі үшін еңіреп, қара бала қамы үшін қылышы мен жырын қоса көтеріп Махамбет, қайғы мен қасіретін, қайраты ме...
Подробнее Просмотры: 270 Категория: СМИ о Нас Дата: 15.06.2017

«Жетісу театр керуені» гастрольге шықты

«Қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек». Н.Ә.Назарбаев Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымы кезекті гастрольдік сапарға аттанды. Сапар барысында ауылды елді мекендерде діни экстремизмнің алдын алу, халық арасында дәстүрлі дінімізді насихаттау мақсатында жақында ғана тұсаукесері болған А.Ихсанның "Дертке дауа - Хақ жолы" атты әлеуметтік драмасы көрермен назарына ұсынылады. Соңғы кездері елімізде дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарастарға үйлеспейтін әртүрлі пікірлер мен ұстанымдар жарыққа шыға бастады. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізе бастағаны жасырын емес. Аталмыш қойылымда бүгінгі күні біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті болып тұрған осы сынды мәселелер кеңінен қаузалған. Автор шығармада бір-біріне мүлде қарама-қайшы екі көзқарас арасындағы тартысты басты назарға ала отырып, қарапайым қазақ отбасындағы оқиға арқылы жастард...
Подробнее Просмотры: 283 Категория: СМИ о Нас Дата: 17.04.2017