Коллектив театра

Базаркелді Азат Оразайұлы

Категория: Актеры Печать страницы
Базаркелді Азат Оразайұлы

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Базаркелді Азат Оразайұлы 1954 жылы 1 қаңтарда Қытайда туған.1971-75 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консервоатрияның театр факультеті актер бөлімін бітірген.Театр шаңырағын көтергендердiң бiрi. Ойнаған рольдері: Ш.Құсайынов «Алдар көсе» - Алдар көсе, Қ.Мұхаметжанов «Қайдасың, Хайдарбек» - Хайдарбек, Т.Ахтанов «Күшiк күйеу» - Бекболат, С.Жүнiсов «Қысылғаннан қыз болдық» - Жұмат, М.Әуезов «Хан Кене» - Кәрiбоз, А. Кенжебекова «Абай туралы аңыз» - Баймағанбет, К.Абдірахман «Қара Керей Қабанбай» - Абылай, К.Абдрахман «Мұнарда мұнар. Мұнар күн» - батыр, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш Баян сұлу» - Жантық, Т.Әліпбай «Қанды ғасыр» -Абыз сүрей, «О, Аттила,Аттила» - Рим императоры, «Аяз би» - Аязби, Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері Ақтоқты» - Ақан, Б.Соқпақбаев «Кәдімгі Қожанасыр» - Қожанасыр, Т.Қалилаханов «Ақын Сара» - Біржан, О.Ысмаилов «Наркескен» - Бақтыбай ақын, Л.Егембердиева «Әріптестер» - Бек, «Қалталы күйеу, қайдасың?» - Төлеубай, “Ғашық жүрек” -Әуез, Т.Ахтанов “Күтпеген кездесу” – Естемесов, У.Шекспир (аударған Ә.Кекілбаев) “Ақсақал”, С.Ахмад “Келіндер көтерілісі” – сатушы, Т.Әлімқұлов «Қош бол, Қараой» - Жаңаберген, М.Мақатаев «Райымбек, Райымбек!» - Абыз, С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» - Ғани, А.Вампиловтың «Метранпаж» трагикомедиясында - Калошин т.б. Азат Базаркелді кино әлемінде де өзіндік өнер дарынмен көрініп келе жатқан актер.