Коллектив театра

Агламова Толғанай Болатжанқызы

Категория: Актеры Печать страницы
Агламова Толғанай Болатжанқызы

1992 жылы 6-шы маусымда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылында дүниеге келген. 1998-2009 жж. Талдықорған қаласының Д.Рақышев  атындағы қазақ мектеп-интернатында оқып, үздік аяқтады. 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Театр өнері» факультетінің «Драма және кино актеры» бөліміне оқуға түсіп, 2013 жылы  Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ЖАҚ профессоры – Рахилям Машурованың курстық жетекшілігімен үздік бітіріп шықты.

Еңбек жолын 2013 жылы тамыз айынан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан бастаған ол 2014 жылдың қыркүйек айынан бері Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында актриса қызметін атқарып келеді.

2016 жылы Алматы облысы бойынша «Жылдың үздік актрисасы» марапатына ие болды.

Сомдаған рольдері:

Д.Рамазан «Керей-Жәнібек» - Рабия Сұлтан бегім, Л.Егембердиева «Жұмақ маған бұйырмас» - Зоя, Р.Отарбаев «Ұйық» - Тоғжан, М.Иманғазинов «Ілияс» - Айтолқын, Т.Әліпбай «Томирис» - Бұрым, Азада, С.Қасымбек «Наурыз ару» ертегісінде – Наурыз ару, М.Ахманов «Түйе бойына сеніп» - Ай, С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» - Гүлмайдан т.б.